Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2022

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық банкі MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық моне­таларын айналымға шығарады. Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» се­рия­­сын жалғастырады.

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығады

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады. Коллек­циялық монеталар қазақ жазушысы, әдебиеттанушы ғалым, драматург Мұхтар Әуезовтің туға­нына 125 жыл толуына арналған.

Номиналы 500 теңгелік моне­таларға тоқталсақ, күміс моне­таның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, та­ралымы – 2 мың дана

Ал номиналы 100 теңгелік монеталарға келсек, мельхиор қоспасынан дайындалған моне­таның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 мың дана.

о

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасы аума­ғында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, еліміздегі банк­терде шотқа есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айыр­басталуға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блис­терлік орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында да­йын­далды.