Төрт жылдан бері Шымыр ауылындағы Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің оқушыларына аптасына екі рет ағылшын тілі оқытылатын English club әлеуметтік жобасы ұйымдастырылып келеді. Бүгінде жобаны 10 Е сынып оқушылары сәтті жүргізіп жатыр. Оқыту ойын және жаттығу түрінде өтуде.
English club жобасы ауыл оқушыларының білім олқылықтарын толтыруға, тілдік кедергіні жеңуге көмектеседі және шет тілдерін одан әрі оқуға ынталандырады», дейді жоба үйлестірушісі, 10-сынып оқушысы Мәдина Шаханова.
М.Мәметова атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Айзере Ғизат ағылшын тілі сабағына екінші жыл қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ол қарапайым білімді ғана емес, мәтіндерді өз бетімен жазуды да үйренді. Бұл ол үшін үлкен қадам.
«Жоба арқылы қажетті білім алуға мүмкіндік алдық. Жасыратыны жоқ, ағылшын тілін білу еліміздегі және әлемнің үздік университеттеріне жол ашады», дейді Айзере.
Биылғы оқу жылында English club жобасына Шымыр ауылдық мектебінен 40 оқушы қатысады. Бүгінде алғашқы сабақтар өтті, алдағы уақытта қызықты, танымдық, ең бастысы қажет ағылшын тілі сабақтары өз жалғасын табады. Айта кетейік, 2018 жылы Талдықорған қаласындағы Назарбаев зитякерлік мектебі мен Шымыр ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектеп арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Жетісу облысы