Спорт • 30 Қыркүйек, 2022

«Коппа Агостиниге» қатысады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Италияда Ломбардия өңірінде велошабандоздар арасындағы дәстүрлі «Коппа Агостини» жарысы өтеді.

«Коппа Агостиниге» қатысады

Аталған жарыстың 76 жылдық тарихы бар. 1946 жылдан бері үздіксіз ұйым­дастырылып келген дүбірлі додада 61 рет жергілікті спортшылар жеңіс тойын тойлады. Ара-тұра Бельгия (4 рет), Франция (2 рет), Германия (2 рет), Нидерланд (1 рет), Испания (1 рет), Португалия (1 рет), КСРО (1 рет), Швейцария (1 рет) және Беларусьтың (1 рет) өрендері топ жарды. 2009 жылы өткен бір күндік сайыста Алексей Луценко екінші орынды иеленген еді. «Астана» клубы сапында өнер көрсететін қазақстандық велошабандоз тек белоруссиялық Александр Рябушенкодан қалып қойды. Ал былтырғы жарыста Андрей алдына жан салмады. Жерлесіміз шешуші тұста Италияның қос саңлағы – Маттео Трентин мен Алессандро Ковиді шаң қаптырып кетті.

Ал осы жарыста «Астананың» сапында Винченцо Нибали (Италия), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия), Кристиан Скарони (Италия), Фабио Феллине (Италия), Андрей Зейц (Қазақстан) және Стефан де Бод (ОАР) өнер көрсетеді.