Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізбесінен алынып тасталды.
Сонымен қатар биылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн - 16 желтоқсанда атап өтіледі. Заңның бұрынғы редакциясында 16 және 17 желтоқсан демалыс күндері болған.
Тиісінше, Қазақстандықтардың желтоқсан айында демалыс күндері де азайып, 1 және 17 желтоқсан жұмыс күндері болды.
Алайда «қызыл даталарға» жаңа ұлттық мереке 25 қазан - Республика күні қосылды.