Ауа райы • 02 Қазан, 2022

Ауа райына байланысты жеті өңірде ескерту жарияланды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райына байланысты жеті өңірде ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының шығысында түнде 1 градус аяз күтіледі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыстың басым бөлігінде 15-20 м/c, облыстың батысында екпіні 23 м/с жел соғады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдерінде оңтүстік-шығыстан екпіні 29 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады.  Облыстың солтүстігінде түнде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Ақтау қаласында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік, батыс, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с жел соғады. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.