Қазақстан • 03 Қазан, 2022

Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң қаралды

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Әли Бектаевтың төрағалығымен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң қаралды

Онда сенаторлар «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының негізгі мақсаты - экономикалық өсудің жаңа үлгісін әзірлеу және таратуды көздейтін жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы Келісімге елімізді қосу.

Келісім жаһандық жасыл өсу институтын заңды тұлға және құқықтық қабілеті бар халықаралық ұйым ретінде құру кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Аталған Келісімді ратификациялау қандай да бір міндеттемелерді қабылдамайды және техникалық көмек тарту мүмкіндігімен институттың сараптамалық әлеуеті мен жинақталған білім базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше