Қазақстан • 03 Қазан, 2022

Қазақстан – «Жыл мемлекеті»

239 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда Red Jolbors XI Орталық Азия коммуникациялар фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжаннан 450-ден астам адам қатысты. Red Jolbors аясында білім беру бағдарламасы ұйымдастырылып, үздік коммуникациялық және жарнама шешімдері байқауы өтті.

Қазақстан – «Жыл мемлекеті»

Байқауға Орталық Азия мен Әзербай­жан­нан 360-тан астам жұмыс ұсынылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды. Бұл атақ ха­лық­аралық қазылар алқасының дауыс беру нәти­желері бойынша ең көп ұпай жинаған елге беріледі. Әзер­байжанның Endorphin компания­сы «Жыл­­дың ең үздік агенттігі» деп танылды. Қа­­зақ­стан атынан қатысқандарға – 50, Өзбек­станға – 24, Әзербайжанға 13 марапат тапсырылды.

– Red Jolbors-та біз әрқашан саланың ең қызықты және өзекті мәселелерін көтереміз. Жар­намалық агенттіктердің өкілдері және аймағымыздың мар­кетологтеріне тәжі­ри­­беміз­ді бөлісуге үздік сарапшылар­ды жинауға тыры­самыз. Биыл­ғы бай­қау­дың спикер­лері мен қа­зылар алқасы жарнама және мар­кетинг саласындағы ең беделді марапаттардың иегер­лері болды, – деді Red Jolbors негі­зін қалаушы Сабина Рейнгольд.

Дәрістердің, сондай-ақ панель­дік пікір­таластардың спи­кер­­лері ірі жарнама агент­тікте­рі­нің, Еуропа, Оңтүстік Корея, Грузия, Қазақстан, Қырғыз­­стан, Өзбекстан, Ресей компа­ния­­ларының өкілдері болды. Олар өздерінің тәжіри­белерін әң­гімелеп, шығар­ма­шылық идея­ларды әзір­леу, мар­кетинг құрал­дарының тиімді­лігі, брендтердің өсу мүмкін­дік­тері, серіктестік құру, цифрлық ди­зайннан кейінгі дизайн, мар­кетингтегі метаверстер, TikTok-қа миллиондаған аудиторияны тарту туралы айтты. Сондай-ақ Red Jolbors-тың 2022 жылғы негізгі тақырыптарының бірі өмір сүріп жатқан ортаны жақсы жаққа өзгертетін ESG жобаларын құру және дамыту төңірегінде болды.

Сонымен қатар іс-шарада үш түрлі панельдік пікірталас ұйымдастырылды. Олардың бірі Орталық Азия елдерінде креативті экономиканы дамытуға арналды. Оған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысты.

– Қазір Қазақстан мен оның мем­ле­кет­тік органдары бизнес және қоғаммен өзара іс-қимылға ашық. Маңызды қоғам­дық мәселелерді шешу үшін біз шығар­машылық салалардың, креативті индустрия өкілдерін тарта отырып, ортақ күш салуы­мыз керек. Өзара ынтымақтасу арқылы біздің одан әрі дамуымызға үлкен мүмкін­діктер пайда болады, – деп атап өтті А.Данилов.

Red Jolbors – шығармашылық, коммуникациялық және жарнама агенттіктерінің, өндіріс және дизайн студияларының өкіл­дері, маркетологтер, бренд менед­жерлері, PR мамандары, жарнама және маркетинг саласының мамандары үшін жылдың ең ірі оқиғаларының бірі. Red Jolbors миссия­сы – шығармашылық ин­дус­трия өкілдерінің кәсіби қа­уым­дастығын құру және дамы­ту. Фестиваль әу баста Қыр­ғыз­станда құрылды, ал 2018 жыл­дан бастап жыл сайын Қазақ­станда өтеді.