3 қазан күні кешке Абай-Арыстанбеков көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан Kia Cerato көлігінің 23 жастағы жүргізушісі қайтыс болды.
«Алдын ала болжам бойынша, апатқа алдыңғы оң жақ дөңгелектің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған. Техникалық ақаудың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соқтығысқан. Жүргізуші қаза тапты, үш жолаушы қатты жарақат алған жоқ», делінген Қостанай қалалық полиция департаментінде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.