Аймақтар • 05 Қазан, 2022

Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет – Президент

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Павлодар облысына барған сапарында трамвай жүйесін дамытуды жалғастыру керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет – Президент

«Павлодар – трамвай жүретін сирек қаланың бірі. Алматыда травмай жүрді, ешкімге кедергі келтірмеді, бірақ оны қаладан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ауқымды жұмыс жүргізілді, рельстер жойылды, енді Алматы трамвайсыз қалды. Трамвай қаланың символы болғанын атап өту керек. Меніңше, Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Егер қажет болса, жолдарды жаңғыртып, жаңа, дыбыссыз трамвайлар сатып алу керегін айтты.

«Бірақ травмай - өзінше тартымды көлік түрі. Еуропаның көптеген дамыған қалаларында трамвайлар кедергісіз жүреді. Бұл - көптеген жергілікті тұрғындар ұнататын экологиялық және ыңғайлы көлік. Трамвай жүйесін дамытуды жалғастырып, құрамдарды жаңартуды жеделдету керек», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар