Үкімет • 05 Қазан, 2022

Каспий теңізіне қатысты құжат ратификацияланды

220 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кеше Спикер Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Каспий теңізіне қатысты заң жобасы мақұлданды.

Каспий теңізіне қатысты құжат ратификацияланды

Атап айтқанда, «Қазақ­стан Республикасы мен Түрік­менстан арасындағы Кас­пий теңізіндегі Қазақ­стан-Түрікменстан мем­лекеттік шекарасын меже­леу және балық аулау аймақтарының шектес учас­келерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Аталған мәселе бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді баяндама жасады. Бұл шартқа 2021 жылғы 25 қазанда Ашғабад қаласында қол қойылған.

«Шартқа сәйкес тарап­тар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы аумақтық суларды және балық аулау ай­мақтарының шектес учас­келерін бөлетін Кас­пий теңізіндегі екі елдің ара­сындағы мемлекеттік ше­карасы сызығын анық­тады. Шарттың ратифика­циялануы және күшіне енуі оңтүстік межелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерісін толық аяқтауға мүмкіндік береді», деді М.Тілеуберді.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, аталған шарт Каспий теңізі жаға­лау­ындағы елдер арасындағы мем­лекеттік шекараны заң­ды түрде бекітетін тарихтағы алғашқы құжат болмақ.

«Түрікменстан жағы атал­ған шартты биыл 17 сәуір­де ратификациялады. Заң­ды қабылдау Қазақстан Рес­публикасының ұлттық заң­на­масына қайшы кел­мейді», министр.

Депутаттар заң жобасын талқылау барысында Сырт­қы істер министріне сауал­дарын қойды. Мәсе­лен, Нұрлыбек Ожаев Кас­пий теңізінің құқықтық мәр­те­бесіне қатысты қандай мәсе­ле бар екенін сұрады. Мұх­тар Тілеуберді Каспий теңізі арқылы шектесетін елдердің арасында салалық келісімдер жасалып жатқанын атап өтті.

«Каспий теңізінің құқығы жөніндегі конвенцияны еліміз ратификациялаған болатын. Қазақстанмен бірге теңізбен шектесетін Ресей, Түрікменстан, Әзер­бай­жан ел­дері де конвенцияны мақұлдаған болатын. Қазіргі таңда Иран тарапының жауабын күтіп отырмыз. Өйткені олар ең біріншіден, бастапқы тік жағалау сызықтарын өткізу шартымен біріктіру қажет деп отыр. Себебі бәрімізге белгілі, бұрын Иран бұл теңізді бір мемлекетпен, яғни Кеңес одағымен бөліскен еді, қазіргі таңда теңіз 5 мемлекеттің иелігінде. Сондықтан Иран тарапы үшін бұл өте күрделі мәселе. Олардың депутаттарымен келісу үшін екінші шартпен келісімге келу керек. Шартты орнату үшін жоғары жұмыс тобы құрылған. Қазіргі таңда 5 мемлекеттің жұмыс тобы осы жұмыстың шеңберінде шартты жобаларды қарастырып жатыр.

Әрине, теңіз болғаннан кейін қарастырылатын мәселелер өте көп. Сол се­беп­ті қазіргі таңда біз басқа мем­­лекеттермен салалық келі­сім­дердің жобаларын қарас­тырып жатырмыз. Ең біріншіден, браконьерлікпен күрес немесе теңіздегі құт­қару мәселелері және Кас­пий теңізін дамытуға бағыт­та­лады», деді М.Тілеуберді.

Сондай-ақ жалпы оты­рыста «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қыз­мет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жұмысқа алынды.

Жиын соңында депутаттар тиісті мемлекеттік ме­ке­мелер басшыларына де­путаттық сауалдарын жол­дады. «Ақ жол» партия­сы­ның депутаттары Пре­мьер-Министрге жолдаған са­уа­лында елге келген ре­сей­ліктер туралы мәселе көтерді.

«Қазақстан қай заманда да қысым көріп, өз елінен қа­шып, босқын атанған талай халықты өз басындағы қиын­шы­лықтарға қарамастан, құшақ жая қарсы алып, аман алып қалғанына тарих куә. Қазақстан өркениетті ел ретінде, Ресей шекарасынан елімізге бас сауғалаған азаматтарға тағы пана болды.

Ішкі істер министрлігінің кешегі ақпараты бойынша 200 мың адам Ресейден келген, 140 мың адам елі­мізден шыққан. Ал 30 қыр­күйекте «Форбс» журналын­да жарияланған Еңбек және әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің мәліметі бо­йынша, жалпы бүгінде елі­мізде 350 000 Ресей азаматы тұрақты тұрып жа­тыр. Өткен аптадағы көшіп келушілердің басым көп­шілігі Астана мен Алматыға, шекаралас облыс орталықтарына орналасқан. Онсыз да ішкі миграцияның салдарынан тұрғындарының саны күрт өскен үлкен қалаларымызға инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық қысым артып отыр», деді депутаттық сауалды оқыған Берік Дүйсенбинов.

Депутаттың айтуынша, әскер жасындағы Ресей азаматтарының елімізге жаппай қоныс аударуы бүгінгі посткеңестік ушыққан геосаяси жағдайда халқымызды қатты алаңдатады.

«Еліміздің басты бай­лығы – Тәуелсіздігіміз, жер тұтастығымыз, елдің амандығы мен халқымыздың бейбіт өмірі. Әртүрлі себеппен біздің елімізге қоныс аударуға мәжбүр болған шетел азаматтарының арасынан бүгін Қазақстан өнді­рісінде қажет, жетіспейтін техникалық, IT саласының мамандары өз орындарын тауып, ел экономика­сына пайдасын тигізіп, бір кірпіш болып қаланса, оған біз бизнес партиясы ре­тінде түсіністікпен қарай­мыз. Алайда олар Қазақ­стан Конституциясы мен заң­дарына бағынуға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді құр­мет­теуге міндетті. Сон­дай-ақ миграциялық дағ­да­рысты пайдаланып, ел ішін арандатушылардың іс-әре­кеттеріне де тос­қауыл қойылуға тиіс. Өкі­нішке қарай, қазірдің өзін­де еліміздің кейбір аймақ­тарында арандату оқиға­лары бой көрсетуде. Қыл­мыстық істер қозғап, аран­датушылардың алдын шұ­ғыл алып жатқан құзырлы мем­лекеттік орган­дарға ризашы­лығы­мызды білдіреміз. Осы орайда, Қа­зақ­станда қанша Ресей аза­мат­­тары бар екенін нақ­ты­лап, жауап беруіңізді сұ­рай­мыз», деді Б.Дүйсен­бинов.

Депутат Юрий Ли қар­жылық салаға жауапты бір­неше мекеме басшысына жолдаған сауалында несие­сін төлей алмай жүрген қазақстандықтардың саны 1,5 млн адамнан асқанына алаңдаушылық білдірді.

«Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агент­тігінің мәліметіне қара­ғанда, 2022 жылдың 1 шіл­десіндегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктер­ге, микроқаржы ұйым­дары­на және коллектор агент­тіктерге қатысты қарызды төлемеу мерзімі 90 күннен асып кеткен борыш­кер­лердің саны 1 520 000 адам болды», деді Юрий Ли. Оның айтуынша, микро­қар­жы ұйымдарының қарыз порт­фелінде борыш­кер­лер­дің саны 38 пайызды құрап отыр. «Қарыз алған 10 адам­ның төртеуі несиесін өтей алмай отыр», деді депутат.

Бұдан бөлек, тағы бір­­неше депутат тиісті мем­ле­кеттік мекемелер басшыларына сауалдарын жолдады.