Пікір • 06 Қазан, 2022

Моноқаланың дамуы – өңірдің дамуы

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды өңірінің көпбалалы аналары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ана мен балаға жасаған қамқорлығын әрдайым жоғары бағалайды.

Моноқаланың дамуы – өңірдің дамуы

Мен көпбалалы аналардың мәселесін көтеріп жүрген белсенді азаматпын. Бұған дейін Президент бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болдым. Қазір Ұлттық құрылтай аясында түрлі мінберден ойымызды айтуға мүмкіндік алып жүрмін. Қай жерде де көпбалалы аналардың талабын, ана мен бала мүддесін көтеріп келемін. Біз берген ұсыныстардың ешқайсы­сы ескерусіз, қараусыз қалған емес. Бүгінге дейін, қаншама отбасының баспаналы болуына, түрлі көмек алуына септігімізді тигіздік. Оларды кәсіпкерлікке, қоғамға игілікті істерге үйретіп келеміз. Мұның барлығы, әрине, Президенттің аналарға деген оң көзқарасының нәтижесі.

Президенттің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Нақты тапсырмалар беріліп, 8 басымдық бойынша міндеттер жүктелді. Соның әрқайсысының өңір дамуы үшін мән-маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды аймағының урбанизациясы дамыған аймақ екен­дігіне ерекше назар аударды. Расында да, Қарағанды облысы тұрғындарының басым бөлі­гі шаһарларда шоғырланған. Моно­қалаларды дамыту – көп­тен бері шешімін күткен мәселе. Ал мұндай елді мекендерде қан­шама көпбалалы отбасы, аналар барын ескерсек, бұл қалалар экономикасының өркендеуі сон­дағы көпбалалы тұрғындар­дың тұрмысына да ықпал етері даусыз.

Президент «Шағын қалалар­дағы тағы бір мәселе – инженерлік инфрақұрылымның әбден тозуы. Бұл мәселе шешімін табуы үшін қомақты қаражат керек. Үкімет моноқалалардың коммуналдық желілерін жөндеуге жұмсала­тын қаржы көлемін арттыруы қа­жет. Себебі біздің азаматтарымыз қай қаланың тұрғыны болса да, таза, жасыл желекке толы, бақуатты, гүлденген ортада өмір сүруі керек. Оны қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті», деді. Моноқалаларға Үкімет тұрғы­сынан ден қойылуы ондағы тұрғындарға да үміт отын сыйлайды.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,

«Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы