Пікір • 06 Қазан, 2022

Мұз сарайы – орындалатын арман

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуде мені ғана емес, жергілікті спортшылар қауымын қуантқан бір жаңалық айтылды. Ол Павлодар өңіріне көпфункционалды мұз сара­йын салуға қатысты бастаманың Мемлекет басшысы тарапынан қолдау табуы.

Мұз сарайы – орындалатын арман

Рас, Павлодарға олимпиада­лық спорт түрлерімен айналысуға қажетті мұндай кешен керек-ақ. Бұл туралы талай мәрте айтылды да. Бізді Мемлекет басшысы­ның жұртшылық көтерген осынау бастамаға назар аударып, қолдау білдіргені қуантты. Демек арманымыздың орындалар күні алыс емес деген сөз.

Жалпы, Павлодар облысы – қысқы спорт түрлерін дамытуға қолайлы аймақ. Жергілікті жас­тар да қысқы спорт түрлеріне бейім. Әсіресе соңғы жылдары жас­­тар та­рапынан қызығушылық кө­бей­­ді. Сондықтан заманауи мұз сара­­­­й­ының қажеттілігі туын­дап отыр. Мем­лекет басшысы да мұн­дай ке­шеннің маңызы зор екенін ескертті.

Расында да, спортшылардан медаль күту үшін алдымен оларға лайықты жағдай жасау керек. Біз күткен мұз сарайы іске қосылса, Павлодар өңірі­нен Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің көптеп шығарына сенемін.

Атап өтерлігі, Мемлекет бас­шы­сы елдегі, оның ішінде өңір­лер­­дегі спорттың дамуына ерек­ше көңіл бөліп отыр. Аймақ­­тарды заманауи спорттық инфра­құрылым­дармен қамтамасыз етуге назар аударылып жатыр. Осының бәрі бізге қуаныш сыйлайды.

Спорт – ұлттың саулығы. Сон­дықтан бұған атүсті қарауға болмай­ды. Біз спортты дамыту ар­қылы дені сау ұрпақ қалып­тастырамыз.

 

Людмила ПРОКАШЕВА,

конькимен жүгіруден Нагано Олимпиадасының қола жүлдегері

 

Павлодар облысы