Саясат • 06 Қазан, 2022

Сайлау: Теория мен тәжірибе

526 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы 5-7 қазан аралығында Электорал­дық оқыту орталы­ғының базасында елімізде тіркелген саяси партиялардың өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теориясы мен тәжірибесі» атты оқыту курсын өткізіп жатыр.

Сайлау: Теория мен тәжірибе

Ортсайлауком тарапынан курстың спикерлері тізімінде ОСК төраға­сының орынбасары Константин Петров, комиссия мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, Асылбек Смағұлов, сондай-ақ аппарат қызметкерлері бар.

Оқыту курсы саяси партиялар­дың өкілдеріне президент сайлауын әзірлеу мен өткізу ерекшеліктерін түсіндіруге бағытталған. Соның ішінде сайлау науқанының негізгі кезеңдері, кандидаттарды ұсыну мен тіркеудің ұйымдастырушылық-құқықтық рәсімдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыруды, атап айтқанда, кандидаттардың сайлау қорларымен жұмысы және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланады.

Семинарда саяси партиялар өкіл­дері мен сайлау процесіне қатысушы­лар­ғ­а электоралдық оқыту мәселе­лері, сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асыру, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік мәселелері және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға енгізілген новеллалар таныстырылады. Сондай-ақ семинар барысында партиялардың сайлау процесіне қатысуы бойынша тренинг өтеді.

20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өт­кізу кезеңінде электоралдық оқыту жөніндегі жоспарға сәйкес бұдан бұрын республикалық және облыстық жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері, облыстар әкімдері аппараты, сондай-ақ жергілікті атқарушы ор­ган­дар­ қар­жылық қызметтерінің қыз­мет­керлері үшін семинарлар өткізілді.

Сайлау науқаны шеңберіндегі келесі семинарлар өңірлердің сайлаушылармен жұмыс жөніндегі call-орта­лықтарының қызметкерлері, канди­даттардың сайлауалды штабтары­ның, сайлау жөніндегі заңгерлер, сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ЖАО қызметкерлері, құқық қорғау және сот органдарының, прокуратура органдарының қызметкерлері, Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің жанынан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ осы жылдың қазан және қараша айларында Орталық сайлау комиссиясы мен Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігі президенттікке кандидаттардың үгіт науқанын реттеу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін және сайлау­ды ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар үшін бірлескен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.