Оңтүстік Қазақстан • 06 Қазан, 2022

Сарыағаш стансасында есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

6623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстандық пойыз жолсерігі Қазақстан арқылы есірткі тасымалдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш стансасында есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

«Тамыз айында Сарыағаш стансасында (Түркістан облысы) Ташкент-Самара бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде есірткі іздеуге үйретілген ит 26 жастағы пойыз жолсерігін нұсқаған. Күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты», деді Көліктегі полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет.

Жолсеріктің айтуынша, ол марихуананы Ташкенттен тауып алып, жеке пайдалануы үшін аяқ киімінің астына жасырып қойған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Контрабанда//Айналымнан шығарылған немесе айналымы шектелген заттарды заңсыз алып өту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ер адамға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Жансая ӘНУАР

Соңғы жаңалықтар

Далада жүрген дуадақ

Талбесік • Бүгін, 09:55

Тағдыр ғибраты

Отбасы • Бүгін, 09:50

Ержүрек қыз, елдік мұрат

Театр • Бүгін, 09:45

«Абайды оқы, таңырқа!»

Байқау • Бүгін, 09:40

Дидағаның тәлімі

Тұлға • Бүгін, 09:30