Экономика • 06 Қазан, 2022

Рубльді сатып алу 31%-ға өсті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының рублін сатып алу – биржадан тыс валюта нарығында 31%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рубльді сатып алу 31%-ға өсті

«2022 жылдың қыркүйегінде биржадан тыс нарықта ресей рублін сатып алу 2022 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 31%-ға – 10,1 млрд рубльге дейін, қытай юанін сатып алу 17%-ға – 116 млн юаньға дейін, ЕО еуросын сатып алу 15%-ға – 75 млн еуроға дейін өсті», делінген Ұлттық банктің бейсенбі күні жарияланған есебінде.

2022 жылдың қыркүйегінде биржадан тыс нарықта АҚШ долларын сатып алу 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда өзгерген жоқ – 9 млрд доллар.

Британдық фунт стерлингті – 10 мың фунт.

Шілдедегі долларды орташа сатып алу бағамы тиісінше 478,15 теңге, еуро – 473,51 теңге, рубль – 7,95 теңге, юань – 67,98 теңге болды.

 

Жансая ӘНУАР