Президент • 06 Қазан, 2022

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды - Президент

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай мәлімдемені Мемлекет басшысы өз кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды - Президент

«Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады», деді ел Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтты.

«Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Сонда ғана біз осы індеттен таза қоғам құрамыз. Бұл – менің стратегиялық мақсатым!», деді Қ.Тоқаев.