Энни Эрно 1940 жылдың тумасы. Францияның қазіргі заман әйел жазушысы. Жастайынан талапшыл болып өскен ол шығармашылыққа ерте әуестенгенімен тек 1974 жылдан бастап шығармашылықпен еркін айналысқан. Қазірге дейін он бестен астам кітабы жарық көрген. «Оның мекені», «Бір әйел», «Сол жылдар» атты шығармалары оқырмандар тарабынан жақсы оқылған.
Энни Эрно көркем шығарма жазудың ерекше қуат екеніне анық сенген қаламгердің бірі. Оның көптеген шығармалары оқырманға түсінікті де қарапайым тілмен жазылған таза көркем туындылар санатында. Әдебиет сыншылары оның жазғандары негізінен тарихи сипаттағы және жеке өмірлік деректерге толы деген көзқараста.