Теннис • 07 Қазан, 2022

Ширек финалға өтті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина жүлде қоры 611 210 еуроны құрайтын WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Ширек финалға өтті

 

Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан халық­аралық турнирдің бастапқы бәсекесінде әлемнің 17-ракеткасы америкалық Мэдисон Кизді үш сетте – 5:7, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, жарыс жолынан ығыс­тырған отандасымыз екінші айналымда әлемдік рейтингте 31-орында тұрған латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты. Екі жарым сағатқа жалғас­қан екі Еленаның арасындағы тартыс­ты кездесуде Рыбакинаның мерейі үстем болды – 6:7, 6:4, 7:5.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы брейк жасағанымен, қарсыласы тез арада есе қайтарып отырды. Сөйтіп, бірінші сеттің бар мәселесі тай-брейкте шешілді. Елена «ә» дегеннен 3:0 есебімен алға ұзап кеткенімен, әрі қарай сол басымдығын сақтап қала алмады – 6:7 (5:7). Екінші сеттің үшінші геймінде брейк-пойнт жасап, кейін өз мүм­кіндігін пай­даланған жерлесіміз 3:1 есебімен алға шықты. Сет соңына дейін қателіксіз ойнап, соңында 6:4 есе­бімен сенімді жеңіске жетті. Үшінші, шешуші пар­тияда да жерлесіміз білге­нінен жаңылған жоқ – 7:5.

Бұған дейін екі теннисші кортта екі мәрте кез­десіп, екеуінде де қазақстандық спортшы басым түскен болатын. Е.Рыбакина ширек финалда әлем­нің 20-ракеткасы чехиялық Петра Квитовамен кез­деседі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше