Сайлау • 07 Қазан, 2022

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға құжаттарын өткізді

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға құжаттарын өткізді

Атап айтқанда, үміткер «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, Н.С. Әуесбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелерін ұсынған.

Нұрлан Әуесбаев 2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес талаптарды орындаған.