Қоғам • 07 Қазан, 2022

Алматы облысында төрт адам газдан уланды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында әкесі мен оның үш баласы газдан уланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында төрт адам газдан уланды

Белгілі болғандай, қайтыс болған балалардың анасы мектепте аспаз болып жұмыс істейді. Кеше таңертең күйеуі оны жұмысқа апарып, үйінде отырған балаларына қайтқан. Жұмыстан кейін үйге оралған әйел жұбайы мен ұлдарының қайтыс болғанын байқады.

Оқиға орнына жедел топ, ТЖ Департаментінің зерттеу сынақ өрт зертханасы, сондай-ақ Іле ауданының тергеу-жедел тобы мен аудандық полиция басқармасы, жедел медициналық көмек жіберілген.

Шақыру орнына келген кезде ер адам мен оның үш ұлы (біреуі 2009 жылы туған және екеуі 2014 жылы туған) пропан газ баллонынан уланғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше