Білім • 08 Қазан, 2022

VI Орталық Азиялық халықаралық білім форумы өтуде

239 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Əлемдік білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара əрекеттестік» VI Орталық Азиялық халықаралық форумы ашылды.

VI Орталық Азиялық халықаралық білім форумы өтуде

Білім форумын IAAR  бас директоры Алина Жұмағұлова шараны ашты. Өз кезегінде спикербілім беру жүйесінің жаһандық сын-қатерлеріне тоқталып, білім беру саласындағы ынтымақтастық пен мәдени алмасудың маңызына ерекше тоқталып өтті.

ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы ректорЖансейіт Түймебаев трансұлттық өзара іс-қимыл және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуде форум тақырыбының өзектілігіне тоқталды. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда зерттеу университеті білім мен ғылымның көптармақты мәселелерін шешуге қабілетті модель болып табылады. «Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ макро деңгейде білім беру және ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асыруда.Біздің университет QS жаһандық рейтингінде әлемдегі ең үздік университеттер арасында 150-орында, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рейтингтерде алдыңғы орындардан көрінуде. Оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуетін ескере отырып, біз Қазақстанда әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті моделін құрудамыз», – деді ректор.

Университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыру үшін  ғылым мен білім берудің нақты интеграциясына бағыт алынды. Бүгінде университеттік білім берудің перспективалық моделі қалыптасуда: оқу орнында 500-ден астам білім беру бағдарламасы іске асырылуда, 137 білім беру бағдарламасы QS by Subject рейтингінде 500тобына кірді.

Форум барысында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын сенатор Бақытжан Жұмағұлов оқыды.  Бүгінде адами капитал мен білім сапасы ұлттық күн тәртібінің басты басымдығы. «Қазақстанның ұлттық білімі қазіргі заманғы трендтерге сәйкес дамып, бәсекеге қабілетті және сыни тұрғыдан ойлайтын, еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына бейімделген қажетті кәсіби құзыреттілікке ие адамдарды қалыптастыруы маңызды», – делінген құттықтауда.

Жиында сөз алған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім сапасын арттыру жолындағы мақсат-міндеттерге назар аударды.  Ведомство басшысы форум қатысушыларына көптеген мәселелерді алқалы түрде пысықтауды ұсынды. Оның қатарындажоғары білімнің қандай моделін, атап айтқанда:әлеуметтік тегін, тәуелсіз немесе аралас түрін енгізу мәселесін атады. «Демографиялық серпіліс, білім алушылар санының артуы онлайн-білім беру контентін және цифрландыруға қол жеткізуді қажет етті», – деді министр.

Н

Шара аясында министр Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дың наноспутник зертханасы, Жерді қашықтықтан зондтау орталығы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

|Форумның пленарлық отырысындаТәжікстанның VI сайланған Мәжіліс депутаты Гүлзода Құрбонәли, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Расул Абазбек, IAAR Байқау кеңесінің төрайымы, кеңес төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова,Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясыныңпрезиденті Дэвид Гордон, Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық реестр президенті Карл Дитрих, Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың директорлар кеңесінің мүшесі, Жоғары білім сапасы жөніндегі агенттік (AIKA)директоры Иоланта Силка сөз сөйлеп, әлемдік білім, ғылым кеңістігі төңірегінде пікір білдірді.

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) ұйымдастырған ірі халықаралық форум сандық трансформация жағдайында білім беру саласындағы үздік тәжірибені талқылау және алмасу алаңын құруға бағытталды.

АЛМАТЫ