Спорт • 10 Қазан, 2022

Олжалы оралды

1 мин
оқу үшін

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақ­стандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 КО) кәсіпқой бокстағы келесі ж­екпе-жегін өткізіп, қарсыласынан ба­сым түсті.

Олжалы оралды

 

АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде жер­лесіміз аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельмен (34-18, 23 КО) қолғап түйістірді. Сегіз раунд­қа жоспарланған айқаста 38 жастағы қазақ­стандық боксшы төрешілердің бірауызды шеші­мімен жекпе-жектің же­ңімпазы деп танылды. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы 29-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал өз елінде «Жыртқыш» деген лақап атымен танымал болған Масьель 18-мәрте жеңілістің кермек дәмін татты.

Айта кетейік, бұл – Қанат Исламның карье­расындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі жеңісі. Ол осы жылдың ақпан айында брита­ниялық Джимми Келлиден ұпай саны бойынша ұтылып қалған еді.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49