Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 20-ракеткасы чехиялық Петра Квитованы екі сетте – 7:6, 6:4 есебімен сүріндіргенімен, жартылай финалда тағы бір чехиялық теннисші – Барбора Крейчиковадан айласын асыра алмады. Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған корт иесі алғашқы партияда жерлесімізге еш қарсылық көрсете алмай, 6:3 есебімен жол берді.
Екінші сетте екі теннисші де өз геймдерінде сәтті ойнап, бірде-бір қателік жасаған жоқ. Ал тай-брейкте Б.Крейчикованың бағы жанып, таразы басын теңестірді – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда Рыбакинаға қарағанда чехиялық спортшыда жеңіске деген құлшыныс анық байқалып тұрды. Нәтижесінде, Барбора Крейчикова екі брейк жасап, 6:4 есебімен Еленадан жеңісті жұлып алды.