Аймақтар • 10 Қазан, 2022

Семейде жасөспірім қыз көпірден секірді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абырой болғанда, құтқарушылар оны судан дер кезінде алып шығып, жанын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде жасөспірім қыз көпірден секірді

Абай облысының ТЖД хабарлағандай, 10 қазан күні таңғы сағат 9-да ескі көпірден адам секіргені туралы хабар келіп түскен. Құтқарушылар өзенге келгенде 2009 жылы туған қызды тауып алған.

Қайықпен қасына барып, жәбірленушіні жағаға шығарған. Содан соң қыз баланы медицина қызметкерлеріне тапсырған.

«Қазір оның жағдайы қанағаттанарлықтай», дейді құтқарушылар.

Қыздың мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз.

Осы орайда облыстық ТЖД ата-аналарға қырағылық танытып, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.