Экология • 11 Қазан, 2022

Қоқыссыз қала

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел студенттерінің бастамасы – EcoStudentKZ челленджі Алматыда жал­ғасып, «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы аясында қор­шаған ортаны тазарту бойынша экологиялық сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты.

Қоқыссыз қала

Акцияға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, аза­маттық белсенділер мен еріктілер қосылды. Өз кезегінде ал­ма­­тылық студенттер EcoStudentKZ рес­публикалық жобасына қолдау біл­дірді.

Сенбіліктің алдында қаланың Тө­тен­ше жағ­дай­лар департаментінің ма­мандары жастарды таулы жер­лер­дегі қауіпсіздік шараларымен таныстырып, ережелер бойынша нұсқаулық өткізді.

Белсенділер қаладағы ең танымал туристік орындарды – Көкжайлау үстіртін, Бұтақты, Казачка, Кімасар және Проходное шатқалдарын тазалау жұмыстарын жүргізді. Биылғы тоғыз айда Іле Алатау ұлттық паркіне 630 мыңға жуық адам келген. Сенбілікке қа­ты­су­шылар 35 тоннадай қоқыс жинап, Медеу ауданында 250 алма ағашын отырғызды.

Қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының дирек­торы Азиз Қажденбек осындай жақсы бас­­таманың жалғасы болу керек еке­нін атап өтті. Оның айтуынша, қор­шаған ортаға қамқорлық бір ғана ак­ция аясында шектелмеуге тиіс, таза­лық, экология мәселелері қа­ланың әрбір тұрғынының және ту­ристердің үнемі қаперінде болуы шарт. «Себебі тазалық өз өлке­сіне деген қамқорлық та адамның өзінен басталады», дейді қор басшысы.

Экологиялық сенбілік табиғатқа қам­қорлық танытып жүрген жастарды біріктіруге, қоршаған ортаны қорғау және эко­логиялық туризмді дамыту мәсе­ле­леріне назар аударуға арналған.

 

АЛМАТЫ