Қоғам • 11 Қазан, 2022

Президент сайлауы: Тағы бір кандидат ұсынылды

1 мин
оқу үшін

«Асар» оралмандар қауымдастығы атынан ұсынылған Хайрулла Ғабжалилов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауы: Тағы бір кандидат ұсынылды

ОСК хабарлауынша, ол «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтінішін, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат ұсынды.

Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен жоғары білім туралы дипломның көшірмесі ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49