Білім • 11 Қазан, 2022

Асхат Аймағамбетов Алматыдағы мектеп директорларымен кездесті

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы жұмыс сапарында Асхат Аймағамбетов №140 гимназияда қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 180 директорымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрдің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Асхат Аймағамбетов Алматыдағы мектеп директорларымен кездесті

«Кездесуде жалақы төлеу жүйесі, оқуда артта қалған балалармен жұмыс, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысы, мұғалімдердің аттестациядан өту ережелері, ата-аналармен жұмысты нығайту, педагогтерді қайта даярлау мүмкіндіктері, жаңа МЖМБС және т.б. сияқты мәселелер талқыланды. Мектеп басшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты», деп жазды министр.

Сонымен қатар колледж директорлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларымен де кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

р

«Әріптестеріммен дуалды оқытуды дамыту, тәлімгерлік қызметке ақы төлеу, жан басына шаққандағы қаржыландыру, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру, инклюзивті білім беруді дамыту, сондай-ақ ТжКБ және балабақшалардағы тамақтану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізу мәселелерін талқыладық. Сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистент лауазымын енгізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Колледж директорларының негізгі мәселесі ТжКБ-да оқу үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне қатысты болды. Бұл стандарт шын мәнінде қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз.

Әріптестеріме қызықты және мазмұнды пікірталас үшін алғыс айтқым келеді. Айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», деп түйіндеді А.Аймағамбетов.