Қазақстан • 11 Қазан, 2022

Бас прокурор дизель бағасына қатысты пікір білдірді

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурор Берік Асылов шағын мұнай өндіруші компаниялардың заңсыз айла-амалдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокурор дизель бағасына қатысты пікір білдірді

«Дизель отыны бағасының өсуіне мұнай жеткізушілердің айла-шарқы әрекеттері ықпал еткені анықталды. Мәселен, шағын жеткізушілер жағдайды пайдаланып, көтерме бағаны көтеріп, маржаны жасанды түрде көтерді. Олардың қызметі монополияға қарсы заңнамамен реттелмейді. Өйткені, тауар нарығындағы үлесі төмен, ал көтерме бағалар шекті бағамен шектелмейді»,  деп жазды Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Бұған дейін хабарланғандай, өңірлік оператор үш мың тоннаға жуық дизель отынын заңсыз өткізген. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында «Батыс Жер» ЖШС өңірлік операторы өзінің автожанармай құю станцияларының желісі арқылы 2 мың 982 тонна көлемінде жеңілдікті отын сатты. Экономикалық тергеу департаменті операторға қатысты Қылмыстық кодексінің 221-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізеді.