22 Мамыр, 2014

Форумға қатысушылар лебізі

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ТимашевСвятослав ТИМАШЕВ, Нобель сыйлығының лауреаты, Ресей «Машиналандыру жүйесінің үлкен үміттері мен мүмкіндіктері» ғылыми-зерттеу орталығының директоры: – Мен ғаламдық жылыну мәселесімен ұлттық деңгейде айналысатын­­дығын мәлімдеген алғашқы ел Қазақстан екендігін айтқым келеді. Бұл климаттық құбылыс болғандықтан, адамзат арнайы ештеңе істей алмайды, бірақ сол үшін екі ба­ғытта жұмыс істей алады. Біріншісі – адаптация, екін­шісі – превентивті іс-әрекет. Бұл тұрғыда VII Астана экономикалық форумында жасыл экономи­каға арналған сессиялар нәтижелі болады деген ойдамын. Расим ЛЬЯИЧ-2 Расим ЛЬЯИЧ, Сербия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, сыртқы және ішкі сауда, телекоммуникациялар министрі: – Астана экономикалық форумының маңызы уақыт өткен сайын артып келе жатқандығына осы форумға қатысу барысында тағы да көз жеткізіп отырмын. Бұл басқосуға әлемнің 150 елінен 10 мыңнан астам сарапшылар мен білікті мамандар жиналған екен. Осыған қарап-ақ оған халықаралық қауымдастық тарапынан туындап отырған қызығушылықты анық байқауға болады. Міне, осыншама қонақты бір сәтте қабылдап отырған Астананың әлеуеті де мені ойландырып тастады. Менің байқауымша, қала болашағы өте үлкен. Оның қазіргі салтанатты кейпі кімді де болсын қызықтырғандай. Енді форум жағдайына қайтадан оралсам, алғашқы күннің өзінде қаншама маңызды басқосулар болып жатыр. Олар жалпы адамзатқа қатысты күрделі проблемаларды қозғауымен-ақ өзінің тиімділігін дәлелдеуде. Шынын айтсам, осында өтіп жатқан секциялардың, бизнес-форумдардың ешқайсысын құр жібергім келмейді-ақ. Бірақ оған мүмкіндік шектеулі. Сондықтан өзіме қажетті басқосуларға қатысып әрбір уақытымды барынша тиімді пайдалануға ұмтылып отырмын. Форум жұмысына сәттілік тілеймін. Бренда ХаллоранБренда ХАЛЛОРАН, Ватерлоо қаласының мэрі: – Астана экономика­лық форумы бүгінде адамзат алдында тұрған келелі міндеттердің шешімін іздей­тін жаһандық үнқатысу алаңына айналды. Әлемге танымал экономистер мен дуалы ауыз сарапшылар бұл әлемдік маңызды жиынның күн тәртібінде талқыланатын мәселелерге ерекше басымдық береді. Соңғы екі жылдан бері форум шеңберінде өткізіліп келе жатқан Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияда белгіленген Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар әлемнің алдыңғы қатарлы ақыл-ойын адамзат болашағы мақсатындағы үлкен іске жұмылдырып отыр. Мен осы халықаралық форум аясында өткізіліп отырған V «Astana Invest-2014» Халықаралық инвестициялық форумына қатысып, баяндама жасадым. Осы орайда Астана қаласының экономикалық даму қарқынына ерекше тәнті болдым. Ақиқатында Қазақстан елордасының инвестициялық әлеуетінің айрықша зор екендігіне көз жеткіздім. Жалпы, бүгінде әлемдік экономикалық дағдарыстардың алдын алуда Астана экономикалық форумына жүктелетін міндет жүгі ауқымды.