Саясат • 12 Қазан, 2022

Ынтымақтастық форумы

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеуге арналған «Бірлік. Әділеттілік. Даму» Қазақстан Кәсіп­одақтар федерациясының ынтымақ­тастық форумы өтті.

Ынтымақтастық форумы

Форумға еліміздің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, облыстық кәсіподақ орта­лықтары мен салалық кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ көшбасшылары, халықаралық және әлеуметтік әріптес­тер, сондай-ақ Парламент депутаттары қатысты.

Іс-шара аясында кәсіподақ жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арнал­ған стратегиясындағы міндет­терді одан әрі жүзеге асыруға қатысты мақсаттар мен нақты іс-шаралар белгіленді.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ қауым­дастығын Әділетті Қазақстанды құру жағда­йындағы кәсіподақтарға арналған жаңа нұсқаулықтармен таныстырды.

«Біз бүгін жаңа тарихи кезеңнің – тәуелсіз Қазақстанның төртінші он жыл­дығының басында тұрмыз. Кәсіподақ көшбас­шыларының бүгінгі форумының фор­матын да тарихи деуге болады. Кәсіп­одақтар федерациясы егемендік алғаннан бері өз қатарында 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымынан 2 миллионға жуық еңбеккерді біріктіріп отырған ең ірі қоғам­дық ұйымға айналды.

Бірлік, әділеттілік, еңбек адамына құр­мет – біздің іс-әрекеттеріміздің алго­ритмі. Еңбек адамын құрметтеу, оның құқық­­тары мен мүдделерін қорғау – 26 съезде қабыл­данған Кәсіподақтар федерациясы қызметінің стратегиясында көрініс тапқан біздің кәсіподақ ұйымдары қызметінің негізгі қағидасы. Біз оның өзектілігі мен уақтылығына бірқатар көз жеткіздік және барлық алаңда өз құндылықтарымызды насихаттаймыз», деді С.Дәулеталин.

Кәсіподақ көшбасшылары мен әлеу-меттік әріптестер қазіргі заманның сын-қатерлері, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету және заманауи кәсіподақтардың рөлі мәсе­лелері тұрғысынан әлеуметтік диалог­тің өзекті аспектілерін талқылады.

Форум алаңында «Еңбек адамын ұлықтау» медиа-байқауының және «Үздік техникалық инспектор-2021» және «Үздік шипажай» байқауларының жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтті. Кәсіп­одақ белсенділерінің кәсіподақ қозға­лысын дамытуға қосқан үлесін кәсіп­одақ марапаттады. Форумға қатысушылар еліміздің кәсіпорындары мен ұйымдары қызмет­керлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақ қызметін дамыту туралы қаулы қабылдады.