22 Мамыр, 2014

Паллиативтік көмек

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орал қаласындағы «Бәйтерек» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі айықпас дертке душар болған балаларға паллиативтік көмек көрсету ісін ұйымдастыруға бастамашы болып отыр. Осыған орай өңірде еріктілерден құралған арнайы топтар жасақталу үстінде. Паллиативтік көмек дегеніміз қандай көмек? Оқырмандарға түсінікті болу үшін бұл тіркеске анықтама бере кеткен жөн. «Бұл, жоғарыда айтылғандай, он­ко­­­логиялық аурудан зардап шегіп жүр­ген жанға мамандандырылған медици­на­лық қызмет көрсету. Яғни, кесел мен диагноздың қандай ауыр, қандай күр­делі болғанына қарамастан, оның белгі­лерін жеңілдету, – деді газет тілшісіне әлеуметтік сала жанашыры Надежда Козаченко. – Мұндағы басты мақсат – емде­луші мен оның отбасының өмір сапа­сы мен көңіл-күйін жақсартуға көмектесу». Облыста бүгінде паллиативтік кө­мек­ті дәрігерлермен, медбикелермен және басқа да әлеуметтік-қайырым­дылық салалары мамандарымен кешен­ді түрде көрсетуге көңіл аударылған. Сондықтан да мұнда паллиативтік жәрдем көрсететін мамандар тобының мүшелігіне психологтар, массажистер мен диетологтар және өзге де арнайы мамандық иелерін енгізу көзделген. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ.