Қауымдастық президенттік бағдарлама түлектерінің мүдделерін білдіре отырып, еліміздің табысты қоғамдық ұйымдарының бірі болып саналады. Осы бағдарлама бойынша бүгінге дейін 12 мыңнан астам стипендиат білім алды.
2001 жылдан бастап қауымдастықтың мүшелері білім беру, білімдерді тасымалдау, сараптамалық әлеуетті қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту салаларында 150-ден астам ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
Қауымдастық – бұл тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға, қызметкерлердің сабақтастығын қамтамасыз етуге, жаңашылдық жолымен өткеннің дәстүрлерін сақтап қалуға біріккен мүдделес азаматтар қоғамы. «Болашақтың» басты мақсаттарының бірі – Отанымыздың экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына үлес қосу. Еліміз, оның ішінде жастар бүгінде елімізге жаһандық үдерістерге қатысу үшін ішкі тұрақтылық қажет екенін түсінеді.
«Қазақстанның ішкі саясатын талдай отырып және елді дамыту үшін берілген стратегиялық бағытты назарға ала келе Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпвекторлы саясаты ел экономикасының жан-жақты дамуын, республикамыздың халықаралық мәртебесін нығайтуды қолдайды деп санаймыз.
Қазақстандағы саяси жағдай тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімінің, елдің барлық азаматының мүддесі үшін демократия мен мемлекеттік институттардың дамуының бірегей үлгісін бүкіл жаһанға көрсетеді. Қазақстанның тұрақты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде елдің дамуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс», дейді болашақтықтар.
«Бүгінде біз ішкі және сыртқы саясатымыздың сабақтастығын, тұрақтылығын растауымыз керек. Елімізде әлеуметтік және саяси үйлесімділікті қолдау мақсатында мемлекеттік стратегияларын және әлеуметтік бағдарламаларын табысты іске асыруды жалғастыру қажет. Сайлау біздің еліміздің дамуына, геосаяси және экономикалық тұрақсыздықтың жағымсыз әсерін болдырмауға, халықтың бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Олай болса, сайлауды ағымдағы жылда өткізу тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін алдымызға қойып отырған мемлекеттік бағыттың шешуші жалғасы болып табылады. Біздің таңдауымыз отансүйгіштіктің, мемлекеттің және қоғамның болашағы үшін жоғары азаматтықтың және жауапкершіліктің үлгісі болуға тиіс», дейді қауымдастықтың кеңес төрағасы Алмас Құдайберген.