«Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстікте, шығыста тұман болады», деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус аяз сақталады.
Астана қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +17…+19°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +20…+22°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +23…+25°С болады.