Қаржы • 13 Қазан, 2022

Нарықта доллар мен еуро нығайды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 479,39 теңгені құрап, тағы 1,40 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нарықта доллар мен еуро нығайды

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,52 теңгеге дейін өсті (+0,07).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы 66,86 теңгені (+0,02) құрады.

Еуроның орташа өлшенген бағамы 464,20 теңгеге дейін өсті.

Айырбастау пункттерінде долларды - 477-480 теңгеден, еуроны - 465-469 теңгеден, ресей рублін - 7,05-7,35 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар нарықта мұнайдың әлемдік бағасы тұрақтанды.

Мәселен, желтоқсан Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,09%-ға, барреліне 92,53 долларға дейін өсті.

WTI-дегі қараша фьючерстерінің бағасы барреліне 87,22 долларға дейін 0,06%-ға төмендеді.