Әлем • 13 Қазан, 2022

Колумбияда мотоциклшілер жолдарды жауып тастады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияда жүздеген мотоцикл жүргізушілері жанармай мен жолды сақтандыру бағасының қымбаттауына наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колумбияда мотоциклшілер жолдарды жауып тастады

Акция Боготадағы Вирджилио Барко кітапханасының алдында өтті. Мотоциклшілер қаладағы ең маңызды көшелердің бірінде көлік қозғалысын жауып тастады. 

огг

Наразылық акциясы көлік кептелісін тудырғанына қарамастан, полиция шерушілерді таратпады. Колумбияның көлік министрі Гильермо Рейес наразы топтың алдына шығып, олардың талаптарын тыңдады.