Ауа райы • 14 Қазан, 2022

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қазақстанның кейбір облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Орал қаласында да тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде де, таңертең де тұман болады.

Сондай-ақ 16 және 17 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында түстен кейін оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады.