Әлем • 16 Қазан, 2022

Түркияда жарылыстан қаза тапқандар саны 40-қа жетті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның солтүстігіндегі шахтада жарылыс болып, 40 адам қаза тапты. Тағы 11 жұмысшы жараланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда жарылыстан қаза тапқандар саны 40-қа жетті

Оқыс оқиға Бартин провинциясында Амасра қаласында болған.

«Хабар 24» арнасы хабарлағандай, шахтада 110 адам жұмыс істеген деген болжам бар. Үйінділер астында 15-ке жуық адам қалған. Зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаға, кейбірін ұшақпен Анкара және Ыстанбұлдағы клиникаларға жеткізді. Оқиға орнында 150-ден астам құтқарушы және 30-ға жуық жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Түркия үкіметінің төтенше жағдайлар басқармасы жарылыс трансформатордағы ақаудан шығуы мүмкін деген болжам жасап отыр.