Жерлесіміз жарыстың ширек финалында әлемдік рейтингте 75-сатыға жайғасқан америкалық Джон Вольфпен шеберлік байқасты. Үш сетке жалғасқан тартысты бәсекеде Бублик 6:3, 5:7, 1:6 есебімен қарсыласына жол берді. Отандасымыз алғашқы партияда 6:3 есебімен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте қарсыласы мықтылық танытты. Александр америкалық теннисшіден осымен екінші мәрте жеңілді.
Сондай-ақ Германиядағы «Челленджер» турнирінде бақ сынаған тағы бір қазақстандық теннисші Денис Евсеев те жартылай финалға жолдама ала алмады. Ширек финалда польшалық теннисші Каспер Жук жерлесімізден үш сетте – 4:6, 6:3, 3:6 есебімен айласын асырды.