Спорт • 17 Қазан, 2022

Бес команда көктемгі бәсекелерге барады

226 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Өткен аптада қазақ футбол жанкүйерлеріне арман болған Чемпиондар лигасының 4-тур ойындары өтті. Топтық бәсекеде күш сынасып жатқан Еуропаның ең үздік 32 командасының ішінен плей-офф бәсекесіне алдын ала жолдама алған бес ұжым анықталды. Атап айтсақ, «Манчестер Сити» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Бавария» (Германия), «Наполи» (Италия) және «Реал» (Испания) командалары келесі жылдың көктемінде ширек финалдық жолдамаларды сарапқа салады.

Бес команда көктемгі бәсекелерге барады

Сөз басында айтқанымыздай, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 2015/2016 жылдары еліміздің командалары арасынан тек «Астана» ғана доп тебе алды. Сол кезде Қазақстан чемпионы ретінде іріктеу сынды екінші кезеңнен бастаған Станимир Стойлов шәкірттері алғашқы кездесуін «Мариборға» қарсы ойнап, түзде 0:1, өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Үшінші іріктеу кезеңінде Финляндияның ХИК командасымен шеберлік байқасқан елордалық ұжым сырт алаңда 0:0, өз алаңында 4:3 есебімен басым түсіп, шешуші кезеңге жолдама алды. Ал соңғы плей-офф раундында Кипрдің АПОЭЛ қарсы алаңға шыққан жерлестеріміз «Астана-Аренада» 1:0, сырт алаңда 1:1 ойнап, топтық кезеңге топ ете қалды.

Сол кезде С тобына түскен астаналықтар «Атле­тико», «Бенфика», «Галатасарай» командала­рынан өз алаңында жеңілмеді. Сырт алаңда «Галатасараймен» тағы да тең түсіп, алты ойында төрт ұпай жинады. 16,7 млн еуро табыс тапты.

Міне, содан бері қанша жыл өтсе де, қазақстандық бірде-бір клуб УЕФА-ның басты турнирінің топтық кезеңіне өте алмай жүр. Чемпиондар лигасы түгілі, деңгейі төмен Еуропа лигасы мен УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне өту қазақстандық клубтар үшін арман болып тұр.

Мына парадокске назар аударсақ. Бүгінде жылдық бюджеті жағынан көшбасшы командаларымыздан әлдеқайда төмен Арменияның «Карабах», Молдо­ваның «Шериф» командалары Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп, ұпай жинап жүр.

А тобы

«Рейнджерс» (Шотландия) – «Ливерпуль» (Англия) – 1:7 (Эрфилд, 17 – Фирмино, 24, 55, Нуньес, 66, Салах, 76, 80, 81, Эллиот, 87);

«Наполи» (Италия) – «Аякс» (Нидерланд) – 4:2 (Лосано, 4, Распадори, 16, Кварацхелия, 62-пен., Осимен, 89 – Классен, 49, Бергвейн, 83-пен.);

Италияның «Наполи» командасы биыл ұзаққа баратын сияқты. А сериясында көш бастап келе жатқан команда Чемпиондар лигасының топтық сайысын да сәтті өткізуде. Сәрсенбінің кешінде италиялық ұжым «Аяксты» қабылдап, 4:2 есебімен жеңді. Осылайша, олар топтық бәсекеде соққан голдарының санын 17-ге жеткізіп, өзіндік рекордтарын орнатты. Жалпы топтағы ойындарда ең көп гол салған команда – ПСЖ. Француздар 2017-2018 жылғы маусымда қарсыластарының қақпасына 25 гол тоғытқан. «Наполидің» бұл рекордты жаңарту-жаңартпауы 5-турда «Рейнджерспен» өтетін ойыннан кейін белгілі болады. Одан кейін Италия клубын сырт алаңда «Ливерпульмен» қиын ойын күтіп тұр.

Шотландияның «Рейнджерсін» ерінбегеннің бәрі ұтып жатыр. Осы аптада шотландықтар өз алаңында «Ливерпульден» 1:7 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл ойында Мұхаммед Салах 68-минутта алаңға шығып, айналдырған бес минуттың ішінде хет-трик жасады да, Чемпиондар лигасында ең жылдам хет-трик жасаған футболшы атанды. Бұған дейінгі рекордты 2011 жылы «Лион» футболшысы Бафетимби Гомис орнатқан. Ол Загребтің «Динамо» командасының қақпасына соққан үш голын 8 минутқа «сыйдырып» еді. Енді оны Мұхаммед Салах тағы үш минутқа қысқартты.

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

Наполи

4

4

0

0

17-4

12

2

Ливерпуль

4

3

0

1

12-6

9

3

Аякс

4

1

0

3

8-12

3

4

Рейнджерс

4

0

0

4

1-16

0

В тобы

«Байер» (Германия) – «Порту» (Португалия) – 0:3 (Галено, 6, Тареми, 53, 64-пен);

«Атлетико» (Испания) – «Брюгге» (Бельгия) – 0:0

Бельгияның «Брюгге» клубы өз тарихында тұң­ғыш рет плей-офф сайысына жолдама алды. 4-турда Мадридтің «Атлетико» командасына қонаққа барған бельгиялық ұжым алаң иелерімен 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл тең ойын «Брюггеге» топтан шығуға жеткілікті болды.

Германияның «Байер» клубы жақында бас бапкерлік қызметке испаниялық Хави Алонсоны тағайындаған. Кезінде «Ливерпуль», «Реал» командаларында жасын­дай жарқылдаған Алонсо Бундеслигадағы алғашқы ойынында «Шалькені» 4:0 есебімен жеңіп, ірі ұтыспен бастаған еді. Алайда Чемпиондар лигасындағы аяқ алысы абырой әкелмеді. Өз алаңында «Портумен» жасыл алаңға шыққан леверкузендіктер 0:3 есебімен ойсырай жеңілді.

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

Брюгге

4

3

1

0

7-0

10

2

Порту

4

2

0

2

6-6

6

3

Атлетико

4

1

1

2

2-5

4

4

Байер

4

1

0

3

2-6

3

 С тобы

«Виктория» (Чехия) – «Бавария» (Германия) – 2:4 (Виканова, 62, Климент, 75 – Мане, 10, Мюллер, 14, Горецка, 25, 35);

«Барселона» (Испания) – «Интер» (Италия) – 3:3 (Дембеле, 40, Левандовски, 82, 90+2 – Барелла, 50, Мартинес, 63, Госенс, 89);

Мюнхендік «Бавария» көктемгі маусымға алғашқы­лар­дың бірі болып, жолдама алды. 4-турда олар Чехия­ның «Викториясын» сырт алаңда 4:2 есебімен жеңді.

Ал Каталонияның «Барселонасы» биыл да плей-офф бәсекесіне шыға алмай, көктемгі жорығын Еуропа лигасында жалғастыратын сияқты. Сәрсенбі күні испаниялық клуб «Интерді» қабылдап, сәл болғанда жеңіліп қала жаздады. Ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері үшінші голды төреші қосқан қосымша минутта соқты.

Жеңістен соңғы минуттарда айырылып қалған «Интер» келесі турда «Викториямен» өз алаңында ойнайды. Осы ойында миландық клуб жеңіске жететін болса, плей-офф бәсекесінің жолдамасын жамбастарына басады. Мұндай жағдайда «Барселона» Еуропа лигасына ат басын бұрады.

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

Бавария

4

4

0

0

13-2

12

2

Интер

4

2

1

1

6-5

7

3

Барселона

4

1

1

2

8-7

4

4

Виктория

4

0

0

4

3-16

0

 D тобы

«Спортинг» (Португалия) – «Марсель» (Фран­ция) – 0:2 (Гендузи, 20, Санчес, 30);

«Тоттенхэм» (Англия) – «Айнтрахт» (Германия) – 3:2 (Сон Хын Мин, 19, 36, Кейн, 28-пен. – Камада, 14, Алиду, 87);

Нағыз тартыс осы топта болып жатыр. Дәл қазір қай команданың плей-офф бәсекесіне шығатынын дөп басып айту қиын. Әзірге топ бастаушы – «Тоттенхэм». Дегенмен барлық мәселе соңғы екі турға қарап тұр.

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

Тоттенхэм

4

2

1

1

5-4

7

2

Марсель

4

2

0

2

6-4

6

3

Спортинг

4

2

0

2

6-6

6

4

Айнтрахт

4

1

1

2

3-6

4

 Е тобы

«Милан» (Италия) – «Челси» (Англия) – 0:2 (Жоржиньо, 21, Обамеянг, 34);

«Динамо» (Хорватия) – «Зальцбург» (Аустрия) – 1:1 (Любичи, 40 – Зайвальд, 12);

Лондонның «Челсиінен» қатарынан екі рет ұтылған Италияның «Миланы» енді қалған екі ойында жеңіске жетпесе, плей-офф жолдамасынан алыстайды. Италия клубы 4-турда «ақсүйектерді» қабылдаған еді. Ойының 18-минутында «Милан» қорғаушысы Фикайо Томори қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды. Осыдан кейін «Челси» жасыл алаңда үстемдік құрып, алаң иелерінің қақпасына екі доп соқты. Бір қызығы, лондондық клуб араға 19 жыл салып, Италия жерінде жеңіске жетті. 2003 жылы олар Римнің «Лациосын» 4:0 есебімен ұтқан еді. Содан бері Апенин түбегіне жасаған жорықтарының барлығы сәтсіз аяқталған.

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

Челси

4

2

1

1

6-2

7

2

Зальцбург

4

1

3

0

4-3

6

3

Милан

4

1

1

2

4-7

4

4

Динамо

4

1

1

2

3-5

4

 F тобы

«Селтик» (Шотландия) – «Лейпциг» (Германия) – 0:2 (Вернер, 75, Форсбер, 74);

«Шахтер» (Украина) – «Реал» (Испания) – 1:1 (Зубков, 46 – Рюдигер, 90+5);

Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Реал» плей-офф мәселесін шешіп тастады. 4-турда «Шахтермен» жасыл алаңға шыққан Карло Анчелотти шәкірттері украиндықтармен тең түсті. Оның өзінде есепті ойынның соңғы минутында теңестірді. «Реал» алдағы екі ойында жеңілсе де, екінші орыннан төмендемейді. Өйткені соңғы 6-турда «Шахтер» мен «Лейпциг» өзара бақ сынайды. Бұл ойында екі команданың бірі ұпай жоғалтатыны сөзсіз.

5-турда «Реал» сырт алаңда «Лейпцигпен» ойнайды. «Селтик» «Шахтерді» қабылдайды.

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

Реал

4

3

1

0

8-2

10

2

Лейпциг

4

2

0

2

6-7

6

3

Шахтер

4

1

2

1

7-5

5

4

Селтик

4

0

1

3

2-9

1

 G тобы

«Копенгаген» (Дания) – «Манчестер Сити» (Англия) – 0:0

«Боруссия-Д» (Германия) – «Севилья» (Испания) – 1:1 (Беллингем, 35 – Куасси, 18);

Данияда «Копенгагенмен» ойнаған «Манчестер Сити» алаң иелерінің қақпа құлыпын бұза алмады. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл ойында «Манчестер Сити» бапкері Хосеп Гвардиолла команданың сұрмергені Эрлин Холандты алаңға шығармады. Тең ойын «Манчестер Ситидің» келесі айналымға шығуына кедергі болған жоқ. Қатар өткен ойында Дортмундтың «Боруссиясы» «Севильямен» тең түсті – 1:1.

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

Ман. Сити

4

3

1

0

11-1

10

2

Боруссия-Д

4

2

1

1

9-4

7

3

Севилья

4

0

2

2

2-9

2

4

Копенгаген

4

0

2

2

0-8

2

 Н тобы

«Маккаби-Хайфа» (Израиль) – «Ювентус» (Италия) – 2:0 (Ацили, 7, 42);

ПСЖ (Франция) – «Бенфика» (Португалия) – 1:1 (Мбаппе, 40-пен – Жоау Мариу, 62-пен.);

Команда

О

Ұ

Т

Ж

Д-А

Ұп

1

ПСЖ

4

2

2

0

7-4

8

2

Бенфика

4

2

2

0

6-3

8

3

Ювентус

4

1

0

3

5-7

3

4

Маккаби-Х

4

1

0

3

4-8

3

Туриндік «Ювентустың» басынан бақ тайған сияқты. 4-турда Израильдің Маккаби» командасынан 0:2 есебімен жеңілген италиялық ұжым топтан шыға алмай қалуы да ғажап емес. Келесі турда «Ювентус» «Бенфикамен» сырт алаңда ойнайды. Бұл матчта тең ойынның өзі «Ювентусты» құтқара алмайды. Массимилиано Аллегри шәкірттеріне тек қана жеңіс керек. Бірақ жеңгеннің өзінде соңғы турда ПСЖ клубынан айласын асыра алмаса, Еуропа лигасына жол тартуы мүмкін.

«Ювентустың» жағдайын қиындатып тастаған «Маккаби» Чемпиондар лигасының топтық бәсекесінде соңғы рет 2002 жылы жеңіске жеткен. Ол кезде израильдік команда «Манчестер Юнайтедті» 3:0 есебімен ұтқан.

Соңғы жаңалықтар