Экономика • 17 Қазан, 2022

Нобель сыйлығы кімдерге бұйырды?

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Швед корольдік академиясы биыл экономика саласы бо­йынша Нобель сыйлығын төрт бірдей ғалымға табыстауды ұйғарған. Нобель комитетінің хабарлауынша, мәртебелі сыйлықтың иегерлері – Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филип Дибвиг. Үш америкалық ғалымға бұл сыйлық қаржылық дағдарыс пен банктерді зерттеген еңбегі үшін беріліп отыр.

Нобель сыйлығы кімдерге бұйырды?

Лауреаттар өз зерттеулерін­де экономикадағы банк рөлі­не тереңірек үңіледі. Әсіресе, қаржы дағдарысы кезіндегі банктер рөлін зерделейді. Олар өз зерттеулерін өткен ғасырдың 80-жылдарында бастаған. Онда банк секторының «құлдырау» механизмін сипаттап, сектор­дың әлсіз тұстарын атайды, соны­мен бірге банк және олар­дың клиенттері, сәйкесінше эконо­микаға тиер соққыны жеңілдету үшін қандай амалдар қажет екенін тауып, ұсынады.

Бен Бернанке – америкалық экономист. 2006-2014 жылдары АҚШ Федералды резерв жүйесінің төрағасы болды. ФРЖ басшылығынан кеткеннен кейін экономика саласында зерттеулермен айналысты.

Дуглас Даймонд және Филип Дибвиг – өтімді емес активтер мен өтімді міндеттемелердің үйлесімі салымшылар арасында дүрбелең туғызуын көрсететін Даймонд-Дибвиг моделінің авторлары. Д.Даймонд ұзақ жылдар бойы АҚШ экономикалық зерттеулер ұлттық бюросында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Ф.Дибвиг В­ашин­гтон университеті жанын­дағы бизнес-мектептің профессоры.

Бен Бернанке АҚШ-тағы 1930 жылдардағы Ұлы деп­рес­сияны талдап, банк сек­­торындағы дүрбелең мен салым­дардың жаппай кері қайтарылуының дағдарысты тым тереңдетіп жібергенін көр­сеткен. Қаржы институттары ы­дырағаннан кейін қарыз алушылар туралы құнды ақпарат ұзақ уақытқа жоғалып кетті, қоғамның жинақтарды өнімді инвестицияларға бағыттау мүм­кіндігі төмендеді.

Даймонд пен Дибвиг өз жұмыстарында банктің құлды­рауы жайлы ақпараттың тарауы қаржы институттарын әл­сіз ете түседі, өйткені ондай сы­быс тараған кезде с­алым­­шы­­­лар жаппай банктер өз ақ­ша­­ларын алып кете бастай­ды дейді. Экономистердің пікірі­не қа­ра­ғанда, егер үкімет депозит­терді сақтандырып, банктер үшін соңғы инстанциядағы кре­ди­тор рөлін атқара алса, ондай дүрбелеңнің алдын алуға болады.