Саясат • 18 Қазан, 2022

Мамандық салалана түседі

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Астана медицина университетіне барып, оқу ордасының ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты – білім беру мекемесінің қызметімен танысу және отандық денсаулық сақтау саласының даму барысын зерделеу.

Мамандық салалана түседі

Сапар барысында сенаторларға радиобиология және радиациялық қорғау институтындағы жұмыстар көрсетілді, сондай-ақ студенттердің алған білімін іс жүзінде пысықтайтын симуляциялық орталықтың қызметі туралы айтылды.

Қазір жоғары оқу орнында 10 мыңнан аса жас оқиды, оның ішінде жақын және алыс шетелдегі 20 елден келген 1 100 шетелдік студент бар.

Сенат комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиев университет жоғары білікті қызметкерлерді даярлаумен қатар саланың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

«Астана медицина университетіне сапар Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Денсаулық сақтауда ғылымның, білімнің және клиникалық практиканың біртұтастығы: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге әзірлік барысындағы шаралардың бір бөлігі болып саналады. Осындай кездесулерде көте­рілетін барлық мәселелер мен проблемаларды алдағы уақытта тиісті мемлекеттік орган­дардың алдына қоятын боламыз», деді депутат.

Депутаттар кездесуді қорытындылай келіп, сапардың маңызды әрі нәтижелі болға­нын атап өтті. Олардың пікірінше, қаты­су­шылардың әрқайсысы заңнама ережелерін іске асыру туралы жан-жақты түсінік алды.