Спорт • 18 Қазан, 2022

«Реал» «Барселонаны» жеңді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испания чемпионатының 9-турында Мадридтің «Реалы» мен Ка­тало­нияның «Барселонасы» кез­дес­ті. Осы маусымдағы алғашқы «Эль-Кла­си­кода» «Реал» футболшы­лары­ның мерейі үстем болды.

«Реал» «Барселонаны» жеңді

 

Мадридтегі 80 мыңнан аса жанкүйер сыятын «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 3:1 есебімен басым түсті. Бірінші таймда «Реал» сапынан Карим Бензема (12-минут) мен Федерико Вальверде (35-минут) гол соғып, командасын есепте алға шығарса, екінші таймның 83-минутында «Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес есеп айырмасын қысқарта алды. Дегенмен 90-минутта төреші «Барселона» қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Родриго сәтті орындап, ойынның нүктесін қойды.

«Реал» бұл жеңісінен кейін 25 ұпаймен Испания чемпионатында жеке-дара көш бас­тады. Биыл ішкі біріншілікте бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татқан «Барселона» 22 ұпаймен 2-орында қалып қойды.