Қазақстан • 18 Қазан, 2022

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көрсеткіші төмендеді

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында заңсыз кеншілерді анықтау жұмыстарының арқасында елімізде электр энергиясын тұтыну көрсеткіші төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көрсеткіші төмендеді

Экспортты ескере отырып, 16 қазанда электр энергиясын өндіру 86,9 млрд кВт/сағ құрады.

«Қазіргі уақытта бірыңғай электр энергетикалық жүйесі тұрақты жұмыс істейді. Тұтыну 86,8 млрд кВт/сағ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,4%-ға төмен. Тұтынудың төмендеуі көбінесе цифрлық тау-кен өндірісі бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырған адамдарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстармен байланысты», деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Энергетика министрлігінің бағалауы бойынша күзгі-қысқы кезеңде энергия жүйесіндегі ең жоғары жүктеме шамамен 16,1 ГВт құрайды.

Ведомство басшысы тау-кен өндірісімен айналысу үшін компания заң негізінде тіркеліп, салық төлеуші болып және ең бастысы, оған сатып алынған және оның меншігі болып саналатын жабдықты пайдалануы керек екенін еске салды.