«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне жедел жәрдем станциясынан қоңырау түсті. Дәрігерлер Атырау қаласының ауруханаларына табиғи газдан уланған алты адамның түскенін хабарлады. Үш бала мен бір жасөспірім балалар ауруханасына, екі ересек облыстық емханаға жеткізілді. 90 жастағы әже газдан уланып қайтыс болды, оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендер өздерін жақсы сезінді», деді Магомед Ахриев.
Улануға себеп, газдың жану өнімдері сыртқа ағызылатын газ қазандығының құбыры тот пен қоқысқа толып қалған. Нәтижесінде газ бөлмелерге тарай бастаған.
«Тоғыз айдың ішінде облыста табиғи газдан уланудың тоғыз жағдайы тіркелді. Өткен жылы дәл осы мерзімде жеті оқиға тіркелген еді», деді Магомед Ахриев.