Әлем • 18 Қазан, 2022

Гаити БҰҰ-дан көмек сұрады

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гаити мемлекеті Біріккен Ұлттар Ұйымынан көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews сайтына сілтеме жасап.

Гаити БҰҰ-дан көмек сұрады

Бүгінде Латын Америкасының ең кедей елінде инфляция өршіп, азық-түлік пен жанармай бағасы қымбаттаған. Бұған қоса, қылмыстың көбеюі, халықтың наразылығы мен тырысқақ ауруының кең таралуы жағдайды ушықтырып жіберді.

Гаити сыртқы істер министрі гуманитарлық дағдарысты тоқтатып, қалыпты жағдайға оралу үшін оның халқына БҰҰ сынды «мықты қолдау» қажет екенін айтты. Алайда Біріккен Ұлттар Ұйымында Гаитиге көмек көрсетуге қатысты қарсы тараптар бар.

Жалпы көмек идеясын Мексика мен АҚШ ұсынған еді. Ал, Ресей мен Қытай асығыс шешім шығармауға шақырды. Бірақ Гаитидің сыртқы істер министрі БҰҰ-дан нақты көмек сұрап отыр.

«Маған аса жауапты миссия жүктелді. Зардап шеккен барлық адамның қайғы-қасіретін Қауіпсіздік Кеңесіне жеткізуім керек. Бүгінде Гаити халқы өмір сүріп жатқан жоқ, олар тек тірі қалуға тырысып жүр», деді Гаитидің Сыртқы істер министрі Жан Виктор Генеус.