АСТАНА. 23 мамыр. Қазақстан мен Қытай арасында бидай саудасына қатысты келісім жасалды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.
Қытай 2014-2015 жылдары аралығында елімізден 100 мың тонна бидай сатып алады. Бұл келісімге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен Қытайдың КОФКО ұлттық компаниясының вице-президенті Цзинтао Чжи Мемлекет басшысының 19-20 мамыр аралығында Қытайға барған ресми сапары аясында қол қойды.
Сондай-ақ, екі ел өкілі үшінші елдерге транзитті сауданы жүзеге асыру үшін бидай терминалының құрылысын бірлесе қаржыландыру мәселесін қарастырды.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дулат Айтжанов: «Қытай қазақстандық бидай мен басқа да дәнді және майлы дақылдар үшін маңызды стратегиялық нарықтардың бірі болып табылады. Қол қойылған еелісім – екі ел арасында бидай жеткізу саласында тұрақты сауда қатынастарын реттеудегі алғашқы қадамдардың бірі», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары».
Фото: elevatorist.com.
• 23 Мамыр, 2014
Елімізден Қытайға 100 мың тонна бидай экспортталады

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше