23 Мамыр, 2014

Еліміз өзінің географиялық орналасуын тиімді пайдалануы тиіс

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
masimov03АСТАНА.  23 мамыр. Қазақстан өзінің геосаяси орналасуын таяу 10 жылда дұрыс пайдалануы керек.  VII Астана экономикалық форумында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай деді. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады. Жиын барысында К.Мәсімов: «Ресей алдағы  он жылдықта ықпалдастық мәселесінде Батыстан гөрі Қытайға үлкен мән береді. Еліміз географиялық тұрғыда Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан. Сондықтан, Қытайдан Ресейге, Ресейден Қытайға бағыт алған қалың көліктік ағынның астында қаламыз. Осы орайда біз өзіміздің географиялық жағдайымызды тиімді пайдалануымыз қажет. Сол үшін орналасуымызды капиталдандырып, тұрақты экономикаға ие болу үшін барлық елдерден инвестициялар тартуымыз керек», – деді. Сондай-ақ, ол жақын күндері Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қойылатынын және ол үдеріске Қазақстан да қатысып жатқанын атап өтті. Үкімет басшысы: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан саяси тұрғыда тәуелсіз болады. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге, Еуропалық одақпен әріптестік туралы келісімге қол қоюға, Қытаймен арадағы байланысты әрі қарай тереңдетуге, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың бір мүшесі атануға дайынбыз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары». Фото: i-news.kz.