«Біз Президенттік басқару үлгісін ұстанамыз. Парламенттің рөлін арттыра түсеміз. Осы орайда, мен мына мәселеге ерекше назар аударғым келеді. Елімізде қоғамдық бақылауды барынша күшейту қажет. Бүгінде еліміз бойынша 256 қоғамдық кеңес бар. Былтыр «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Олардың құзыры едәуір кеңейді. Мен осы салаға азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуды тапсырдым. Қазір олардың үлесі 86 пайызға жетті», деді Мемлекет басшысы.
Қазақстанда барлығы 256 қоғамдық кеңес бар. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев осы қоғамдық кеңестердің жұмысын барынша күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше
Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін
Білім • Кеше
Аймақтық қоғамдық кеңестерге арналған стади-тур өтті
Қоғам • Кеше