АСТАНА. 23 мамыр. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті Мартин Сайдик Астана экономикалық форумын өткізуде бағыт-бағдар берген рөлі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жеткізді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Сондай-ақ, ол VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференциясының пленарлық отырысында Астананың жетістіктері мақтауларға лайық екенін атап өтті.
Осыдан 15 жыл бұрын Астанада болған Мартин Сайдик: «Осы жолғы сапарымда Астанадағы өзгерістер мені шын мәнінде қатты таңғалдырды. 15 жылдың ішінде Қазақстан елордасы өте қатты өзгерген. Астана орасан зор қадам жасаған. Бүгінде ол гүлденген ірі шаһарға айналып отыр», – деді.
Бұдан бөлек, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті форум жөнінде:«Маған VII Астана экономикалық форумындағы маңызды пікіралмасулар мен терең талдаулар қатты әсер етті», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: unmultimedia.org.
• 23 Мамыр, 2014
БҰҰ-ның өкілі Мартин Сайдик Мемлекет басшысына алғысын білдірді

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше