23 Мамыр, 2014

Кеден одағы елдерінің теміржол әлеуеті Қытайдан Еуроодаққа тасымалдар үлесін көбейтеді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14АСТАНА. 23 мамыр. Кеден одағы елдерінің теміржолы Қытайдан Еуроодаққа жүк тасымалдау үлесін 10 есе ұлғайтады. VII Астана экономикалық форумының аясында өткен «Трансеуразия-2014» ІХ халықаралық көлік-транзит жөніндегі конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі (алқа мүшесі) Даниал Ахметов осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Жиында Еуразиялық экономикалық одақ  инфрақұрылымын дамытуда үйлестірілген көлік саясатының ықпалы көп балатынын айтқан ол көлік қызметтерінің жалпы нарығын құру керектігіне тоқталды. Даниал Ахметов: «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тразнзиттік тартымдылығын арттыруға Қазақстан, Беларусь және Ресей теміржолдарының біріккен көліктік-логистикалық компаниясы жәрдемдесетін болады. Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағы арқылы Қытайдан Еуропалық одаққа теміржол транзиттік тасымалы 10 есе өсіп, 2020 жылға қарай 7 пайызды құрайды. Бірлескен көліктік логистикалық компания құрудың тұжырымдамасы мен бизнес-жоспарына сәйкес, 2020 жылға қарай инфрақұрылымды пайдаланудан түсетін кірістер 1,6 млрд. долларды құрайды, біздің елдеріміздің  ішкі жалпы өнімдегі үлесі - 11,1 млрд. доллар болмақ. Сондай-ақ, 43 мың жаңа жұмыс орыны құрылады, жалпы жүк айналымы 4 млн. контейнерден асады», – деді. Бұдан бөлек, «Трансеуразия-2014 конференциясынан кейін өткен брифингте Д.Ахметов Қазақстан, Беларусь және Ресей 2015 жылдың ортасында ортақ электр-энергетикалық нарық тұжырымдамасын, ал 2016 жылы оның бағдарламасын қабылдайтынын мәлімдеді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: zakon.kz.